Парламент

Ауылдық және шағын жинақталған мектептердегі оқыту сапасын көтеру қажет – Иксанова

ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Гүлнар Иксанова ҚР Парламентінің Мәжілісінде өткен үкімет сағатында ауылдық және шағын жинақталған мектептердегі оқыту сапасын көтеру қажеттігі туралы айтты.
Астана қаласы20 Ақпан , 12:26

 «Мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша 967 ұйымның (мектептердің жалпы санының 47%-ы) қызметі МЖМБС талаптарына сәйкес келмейді. Артта қалып бара жатқан мектептердің арасында ауылдық мектептер басым. Қазақстандық ауыл оқушыларының көрсеткіштері қала оқушыларының көрсеткіштерінен төмен. Ауылдық мектеп педагогтерінің білім деңгейі төмен болып қалуда. Біліктілікті арттыру кустарының қорытындылары бойынша тестілеудің шекті деңгейінен өтпеген педагогтердің 65%-ы ауылдық мектеп мұғалімдері», – деді Г. Иксанова.

Оның айтуынша, мектептердің жаңа кабинеттермен қамтамасыз етілуі 70,4% құрайды.

«Көрсеткіш жаман емес, алайда, физика кабинеттерімен қамтамасыз етілу – 47%, химия – 45,9%, биология – 42,6%. Ал бұл ағылшын тілінде оқытылатын пәндер. Республикалық бюджетте үш жылға ақша бөлінбеген, ал жергілікті атқарушы органдарда барлығы бюджет мүмкіндіктеріне байланысты болады. Қазір өңірлер бойынша айырмашылық үлкен: егер Алматыда мектептердің физика кабинеттерімен қамтамасыз етілуі 84% құраса, Қызылорда облысында 26% құрайды», – деп атап өтті Г. Иксанова.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика