Парламент

Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлінбек

Білім мен ғылымды дамытудың 4 жылдық мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланған, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Гүлнар Иксанова палатада өткен үкімет сағатында.
Астана қаласы20 Ақпан , 12:17

«Білімге салынатын осындай ірі инвестициялар қоғам үшін, Қазақстанның әрбір азаматы үшін нақты нәтижелер беруі тиіс», – деді Г. Иксанова.

Оның айтуы бойынша, Мемлекеттік бағдарламаның «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» атты бірінші бағытының мақсаты сапалы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.

«Нысаналы индикатор бойынша жоспар орындалды, алайда, 9 410 мектепке дейінгі ұйым арасында 47%-ын шағын орталықтар құрайды, олардың көбі толық күн жұмыс істемейді. 12 жылдық білім беру аясында нөлдік сыныптарды енгізу жағдайларында олардың мектеп алды процесінің біртұтас білім беру процесіне интеграциясы алдындағы өз-өзіне жеткіліктілігіне қатысты мәселелер туындайды», – деп атап өтті Г. Иксанова.

Сондай-ақ, ол педагогтердің білім деңгейі де маңызды екенін айтты, алайда, әзірше 82 мыңнан астам маманның 37%-ында ғана педагог мамандығы бар.

«Еңбекақы деңгейінің төмен болуына байланысты, оларда уәждеме де жоқ. Сонымен қатар жаңартылған Мемлекеттік стандарт тәрбиелеу, дамыту және оқыту мақсаттарының біртұтастығын қамтамасыз етуі тиіс. 2019 жылға қарай икемділіктері мен дағдыларының деңгейі жоғары және орташа 5-6 жастағы балалар үлесінің 80 пайыздық көрсеткіші белгіленген. Бір жағынан, ол нөлдік сыныпты енгізу міндеттеріне сәйкес келмейді, екінші жағынан, балалардың білім беру процесіне дайындығының деңгейі әр түрлі. Мемлекеттік стандарттың апробациясынан кейін балалар диагностикасы көрсеткендей, балалардың  62%-ында ғана дайындық деңгейі орташа, ал 43%-ында оқуға уәждемесі төмен», – деп қорытындылады Г. Иксанова.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика