Парламент

Қазақстанда қазақ тілін оқытуға арналған мобильді қосымша іске қосылмақ

Қазақстанның орыс тілінде оқытатын мектептері үшін қазақ тілін оқыту әдістемесі әзірленді, осы ретте қазақ тілін оқуға арналған Soyle.kz мобильді қосымшасы әзірленді. Бұл жөнінде ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында мәлімдеді.
Астана қаласы20 Ақпан , 12:01

«Назар аударуды қажет ететін проблемалардың бірі – орыс мектептерінде оқып, қазақ тілінде сөйлемейтін балалар. Бұл мектептер үшін жаңа ғылыми негізде әзірленген деңгейлік коммуникативтік әдістеме дайын. Биылғы оқу жылынан бастап біз оны жекелеген мектептерде пилоттық режимде енгізуді бастаймыз», - деді министр.

Оның айтуы бойынша, егер пилоттық жоба сәтті өтсе, 2018 жылы бұл әдістемені барлық мектептерде енгізуге болады.  

«Қазақстанның орыс тілінде оқытатын мектептерінде сөздік минимумдары енгізіліп жатыр. Енді, ең бастысы, баланың қазақ тілінде жылдам сөйлей бастауы қажет. Қосымша қазақ тілін оқуға арналған Soyle.kz мобильді қосымшасы әзірленді. Оны жүктеп алуға болады», - деп қосты Ерлан Сағадиев.

Сондай-ақ, министр еліміздің барлық мектептерінде ағылшық тілін оқыту туралы да айтып өтті. Биыл 12 мыңнан астам пән мұғалімдерінің мектептен тыс тілдік курстардан өтуі басталады. 

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика