Энергетика

Қазақстанда үш МӨЗ-дің күрделі жөнделуі қыркүйектің ортасына дейін жалғасады

Қазақстанда үш МӨЗ-дің күрделі жөнделуі қыркүйектің ортасына дейін жалғасады, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан20 Ақпан , 17:24

Күрделі жөндеу 2017 жылдың 20 наурызынан 1 мамырына дейін жоспарланып отыр.

Технологиялық қондырғыларды 3 жылдық жөндеуаралық кезеңіне ауыстыру бойынша іс-шараларды орындау – бақылау жүйесімен жарақтандыру, жабдықты ауыстыру және техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің автоматты басқару жүйесін енгізу.

«Шымкент МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру аясында күрделі жөндеу кезеңінде келесі жұмыс түрлерін орындау жоспарланып отыр:

-  каталитикалық риформингтің қолданыстағы қондырғысының шикізатын гидротазалау блогы бойынша – технологиялық жабдықты және технологиялық құбыр жолдарын монтаждау.

-  Изомеризация қондырғысын іске қосумен байланысты жалпы зауыттық шаруашылық объектілері бойынша: - жаңа технологиялық құбыр жолдарын монтаждау және кесінділерді орындау.

Күрделі жөндеу 2017 жылдың 01 маусымынан 07 шілдесіне дейінгі кезеңге жоспарланып отыр.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қағидалар мен ҚР заңының талаптарын ескере отырып, келесі жұмыс түрлерін жүргізу жоспарланып отыр: қысымда жұмыс жасайтын сауыттарға ішкі тексеру жүргізу, қысымда жұмыс жасайтын сауыттардың өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізу, сақтандыру клапандарын тексеру және ревизиялау, технологиялық құбыр жолдарын техникалық тексеру (ревизия), технологиялық құбыр жолдарының өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізу және т.б.

Күрделі жөндеу 2017 жылдың 18 тамызынан бастап 16 қыркүйегіне дейінгі кезеңде жоспарланып отыр.

Қолданыстағы өндірісті техникалық жай-күйі бойынша күрделі жөндеу.




Яндекс.Метрика