Парламент

Қазақстанда оқушылардың үй тапсырмасын азайту жоспарлануда

Оқушылардың үй тапсырмасын азайту керек. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.
Астана қаласы20 Ақпан , 11:43

«Біздің оқушылар үй жұмысына жұмсалатын уақыт бойынша 65 мемлекет ішінде 4-ші орын алады. Халықаралық талдау нәтижелері үй тапсырмаларының көлемі мен білім жетістіктері арасындағы тура ара қатынастың жоқтығын көрсетеді. Оқыту процесін дұрыс жолға қойған жағдайда үй жұмысы көлемін азайтуға болады. Оны азайтуымыз қажет», - дейді Е.Сағадиев.

Министрдің айтуынша, аталмыш  мәселемен мұғалімдер мен мамандардан құралған екі ауқымды тобы айналысқан.

«Бұл жерде екі нұсқа ұсынылды. Үй жұмысын барлық пәндер бойынша азайтып беру немесе тапсырмалар тек кейбір пәндер бойынша ғана беру. Екі жағдайда да үй жұмысын орындау уақытын орта есеппен күніне бір сағатқа азайтып, демалыс күндері мүлде берілмейді. Бүгінде бұл мәселе педагогтар мен ата-аналардың жаппай талқылауына ұсынылды», - дейді Е.Сағадиев.

Қайрат Жандыбаев 




Яндекс.Метрика