Өңірлер

Петропавлда сауда-сауықтыру орталығы салынады

Петропавл қаласының тұрғындары таңертеңнен бастап ауыл шаруашылығы жәрмеңкесiне асығуда. Мұндағы бағалар базар бағасынан айырмашылығы бар. Бұнымен сауда орталықтарына барып облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов танысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан20 Ақпан , 11:36

Заманауи цифрлық өндiрiс бiздiң қалаға да жеттi. Жақын арада Петропавл қаласындағы С.М. Киров атындағы зауытта 3D принтерлерi шығарылатын болады.

Өткен жылы зауытта инвестициялық салым салу нәтижесiнде жоғары технологиялық 5 сыныпты дәлдiгi бар мөрлiк тақша шығарыла бастады.

Үстiмiздегi жылы жалпы аумағы 23 мың шаршы метр болатын үшқабатты сауда-сауықтыру кешенi ашылатын болады.

Мұнда азық-түлiк, құрылыс супермаркеттерi, сондай-ақ, тұрмыстық техника мен заманауи сәндi брендттердiң бутиктерi орналасатын болады.

Үшiншi қабатта төрт кинозал, балалар аттракциондары, бильярд пен боулинг залы орналасады. Сондай-ақ, мұнда мұз айдыны, фитнес залы да пайда болады. «Торговая компания МДМ» ЖШС-нiң директоры Расул Дадашев облыс басшысына әлеуметтiк маңызы бар нысан 2017 жылдың екiншi жартыжылдығында тапсырылатынын айтты.




Яндекс.Метрика