Ұлттың денсаулығы

МӘМС жүйесіне қатысудың негізгі пайдасын әрбір отбасыға түсіндіру қажет – Біртанов

МӘМС жүйесіне қатысудың негізгі пайдасын әрбір отбасыға түсіндіру қажет, деді ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Маңғыстау облысының медициналық қоғамдастығымен кездесу барысында.
Маңғыстау18 Ақпан , 14:59

Денсаулық сақтау басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің негізгі артықшылықтарын түсіндіріп, Елбасының халыққа Жолдауындағы денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бойынша негізгі бағыттарды жүзеге асыру туралы хабарлады.

«Ауданның барлық тұрғындары барлық санат бойынша медициналық сақтандыру жүйесіне кіруі маңызды. Халыққа сақтандырылған азамат статусын қалай алу керектігі жөнінде дұрыс түсіндіріп, әрбір отбасына аталған ақпараттың жетуін қамтамасыз ету керек», - деді Е. Біртанов Мұнайлы аудандық емханасының ұжымымен кездесу кезінде.  

Маңғыстау көпсалалы облыстық ауруханасында медициналық активпен кездесті.

Жеке медициналық бизнес өкілдеріне министр медициналық сақтандыру жүйесінде меншік түріне қарамастан, барлық медициналық ұйымдарға экономикалық тиімді әрі тең жағдай жасалатынын баса айтты.

Облыс медициналық активтерімен кездесу барысында ведомство басшысы медициналық сақтандыруды енгізу бойынша барлық сұрақтарға жауап беріп, МӘМС жүйесіндегі негізгі артықшылықтарға тоқталды.

Министрдің айтуы бойынша, ақпан айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді медициналық қауымдастық арасында, жұмыс берушілер мен тұрғындарға кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының (АТЖ) үшінші кезеңі басталды. АТЖ өткізу мақсатында әрбір облыс пен Астана және Алматы қалаларында бүгінгі таңда әкімдер мен олардың орынбасарлары бастаған аймақтық штабтары жұмыс істейді. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Республикалық штаб құрамына беделді дәрігерлер, қоғамдық қайраткерлер, медициналық |ЖОО оқытушылары, құрылымдық бөлімшелер жетекшілері шақырылды. АТЖ-ның алдыңғы екі кезеңінің нәтижесі бойынша 2016 жылдың 6 айында 180 мыңнан астам адам қамтылды.

 




Яндекс.Метрика