Энергетика

Қашағандық мұнайды тасымалдау үшін жаңа құбыр жүргізу бағыты құрылды

2017 жылдың қаңтар айынан бастап «Атырау-Самара» мұнай құбыры бойынша мұнай сапасының сақталуымен қашағандық мұнайды тасымалдау жүргізіліп жатыр.
Казахстан18 Ақпан , 13:02

Бұл «ҚазТрансОйл» АҚ және «Транснефть» КАҚ жаңа құбыр жүргізу бағытын құру бойынша бірлесіп атқарған жұмысының нәтижесі болып табылады, сол себепті Қашаған мұнай тасымалдауы, өз мұнай сапасын жоғалтпай, Атыраудан Самараға дейінгі мұнай құбыры арқылы жүзеге асырылып жатыр.

"Біз компаниямыздың тарихында алғаш рет Қашаған жеңіл мұнайын Атыраудан Самараға дейінгі мұнай құбыры арқылы шикізат сапасын жоғалтпай тасымалдауын бастадық. Кейін мұнай Транснефть мұнай құбырлар жүйесі арқылы транзитпен, аз күкіртті сібір жеңіл мұнайының жалпы ағынында Новороссийскіге дейін барады", -  деп атап өтті «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Димаш Досанов.

Осы уақытқа дейін «Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнай жылына 15 млн тоннаға дейінгі мөлшерінде тапсырылды, кейін ол "Транснефть" КАҚ жүйесі бойынша ресейлік Urals-пен қоспасында, оның ішінде қашағандық мұнайдың бірінші топтамалары тасымалданды. 

"Новороссийск портында қашағандық мұнайдың жөнелтілімі 80 мың тонна мөлшерінде жеке танкерлік топтамаларымен атқарылады. Қашағандық мұнайы бар бірінші танкердің жөнелтілімі ағымдағы жылдың 22-23 ақпанында күтілуде. Болашақта осындай жеткізілімдердің мөлшері жылына 3 миллион тоннаға дейін болуы мүмкін", - деп қорытты Д. Досанов.

Еске сала кетейік, Қашаған кен орнынан мұнайды  «ҚазТрансОйл» АҚ магистралдық мұнай құбырлары жүйесіне қабылдау 2016 жылдың 11 қазанында басталды. Мұнай «Атырау-Самара» мұнай құбырының телімі бойынша тасымалданды және Усть-Луга (РФ) порты арқылы жөнелтілді. 2017 жылдың 16 ақпан айына текті жай-күйі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ магистралдық мұнай құбырлар жүйесіне қашағандық мұнайды қабылдауы 219 мың тоннаны құрады.




Яндекс.Метрика