Экономика

Түркістан жылыжайларында 20 тоннадан астам лимон өсіру жоспарлануда

«Даму» қорынан қолдау алған түркістандық кәсіпкер жылыжайда 20 тоннадан астам лимон өсіруді жоспарлап отыр.
Южно-Казахстанская область 18 Ақпан, 15:26

Жылыжай шаруашылығы 3 жыл бұрын ашылған болатын. Жылыжайдың ауданы 3 га құрайды, оның ішінде 2 га аумақта қызанақ, қиыр және голланд раушангүлі өсіріледі.

2016 жылы өсірілетін өнім түрлері ұлғайтылып, кәсіпкер ташкенттік сұрыпты лимондарды өсірумен айналыса бастады.

«Жылыжайда көкөністерді өсіру – еңбекті қажет ететін процесс және технологиялық процесті жай ғана меңгеру аз. Жылыжай көбірек жеміс беруі үшін көкөністер мен жемістердің әр түрін өсірудің құпияларын білу қажет. Жылыжайдағы топырақ органикамен тыңайтылады, ешқандай химия қолданылмайды. Жылыжайда қызанақ пен қияр өсіріледі, ал жыл басынан бастап лимон өсіріле бастады», - деп ақпараттандырылды «Даму» қорында.

Мамандардың айтуы бойынша, осы жобаны дамытуға алғашында банк жылдық 16%-бен 130 млн теңге бөлген болатын, оның ішінде «Даму» қоры сыйақы мөлшерлемесінің 10%-ын субсидиялайды, ал қалған 6%-ын кәсіпкердің өзі төлейді.

Қарызға алынған қаражатқа жылыжай кешені салынып, ташкенттік сұрыпты лимонның 1 300 көшеті сатып алынды, ол жіңішке әрі тегіс қабығына және шырынды әрі хошиісті мәйегіне байланысты үлкен сұранысқа ие.

Көшеттер осы күзде бір ағаштан 20 лимонға дейін жеміс береді. Күзгі өнім 26 тонна лимонды құрайды деп күтілуде.





Яндекс.Метрика