Өңірлер

2017 жылы Сәтпаев елді мекендерінде бес қабатты 25 тұрғын үй салынады

Сәтпаевта мыс кен орындарын қайта өңдеу барысында опырылып түскен аумақтардың тұрғындарын көшіруге арналған тұрғын үйлердің құрылысы жалғасуда.
Қарағанды18 Ақпан , 10:43

Қарағанды облысының әкімдігінде хабарланғандай, тұрғындарды көшіру Жезқазған аймағын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары аясында жүргізіледі.

«Бүгінде 859 отбасын баспанамен қамту үшін 39 тұрғын үй салынып, 6 пәтер сатып алынды. Сондай-ақ, 1150 отбасыға арналған жалпы ауданы 78 мың шаршы метрлік бес қабатты 25 тұрғын үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ», - делінген хабарламада.

Жалпы, облыс бойынша 2017 жылы жалпы ауданы 304 мың шаршы метрді құрайтын жаңа үйлер салу көзделген.

Сондай-ақ, ҚР  Үкіметімен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бойынша жаңа бағдарлама бекітілді. Онда «Нұрлы жол» және Өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында қарастырылған тұрғын үй құрылысы біріктірілген.

Облыста «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру үшін 1,5 млрд теңге бөлінді. 19 мың шаршы метр баспана салу жоспарланған. Кезекте тұрған 336 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілмек.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары, соның ішінде жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін кредиттік тұрғын үй құрылысы жалғасады. Бүгінде мұндай баспана салудың 11 жобасы бар», - деп түсіндірілді әкімдікте.




Яндекс.Метрика