Халықаралық интеграция

Грекия елшісі Қазақстанның экономикалық дамуындағы жетістіктерді бағалады

Мәжілістің Халықаралық істер, қоғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, депутат Абай Тасболатов Грекияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Александрос Катраниспен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Астана қаласы17 Ақпан , 16:42

Тараптар екіжақтың саяси, сауда-экономикалық, парламентаралық және мәдени-ізгілікті байланыстары жайында пікір алмасты. Депутат пен дипломат мемлекеттердің заң шығарушы органдары арасындағы белсенді ынтымақтастық байланыстар жайында ой бөлісті.

Әңгіме барысында Сириядағы жағдайды реттеудегі Астананың ролі, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелік қызметінің басталғаны және Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі де айтылды. Елші Қазақстанның ширек ғасырдағы зор жетістіктері мен Елбасымыздың роліне айырықша тоқталды.
 

 




Яндекс.Метрика