Өңірлер

Қазақстанда ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 38 пайызға жеткізу жоспарланған – Мырзахметов

Қазақстанда ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 38 пайызға жеткізу жоспарланған, деді Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов.
Южно-Казахстанская область17 Ақпан , 15:38

«Президенттің әрбір Жолдауы – еліміз үшін маңызды екендігі белгілі. Жолдаулар бір жағынан халықтың күнделікті тыныс-тіршілігіне қатысты болса, екінші жағынан стратегиялық тұрғыдан сипатталып отырады. Ол Үкіметке айқын бағдарлар береді. Сонымен бірге Жолдаудың жалпы қоғамға да, әрбір азаматқа да арналатындығы белгілі», - деді Премьер-Министр орынбасары.

Оның айтуынша, Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөніндегі міндеттерге қол жеткізу үшін Президент 5 негізгі басымдықты, атап айтқанда, экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту, институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес басымдықтарын ұсынып отыр.

Өз кезегінде, «экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы» басымдығы аясында агроөнеркәсіптік кешенде цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары жүргізілуде. Айталық, ағымдағы жылы үш бағыт бойынша толық автоматтандыру іске асырылады. Келесі жылы барлық субсидияларды беру процесін автоматтандыруды жоспарлануда. Бұл өтінімдерді қарау мерзімін орташа есеппен 2,5 есеге (18 күннен 7 күнге дейін) қысқартуға мүмкіндік береді.

Жалпылай алғанда, бұлардың іске асырылуы АӨК-тің ел экономикасының жаңа драйверіне айналуына жол ашпақ және де Елбасы Жарлығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасында толықтай көрініс тауып отыр.

Бағдарламаның басты мақсаты – ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту. Оның аясында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 38 пайызға, жалпы өнімін 30 пайызға, азық-түлік тауарларын экспорттау көлемін 600 млн АҚШ долларына арттыру және импорт көлемін 400 млн АҚШ долларына төмендету қарастырылған. Сондай-ақ, азық-түліктік көтерме сауданы 29 пайызға арттыру және суармалы жердің 1 га су шығынын 20 пайызға төмендету және су ресурстары көлемін 1,9 км3 молайту көзделуде.Айта кетейік, сапар барысында А. Мырзахметов өңірде ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту бойынша кеңес өткізді. 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика