Евразиялық одақ

ЕАЭО елдерінде балық өндірісін екі есе көбейту жоспарлануда

Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі Аквамәдениетті дамыту тұжырымдамасын ұсынды. Құжатқа сәйкес, 2020 жылға қарай ЕАЭО елдерінде балық өндірісін екі есе көбейту жоспарланып отыр.
Әлемде17 Ақпан , 18:42

ЕАЭ түсіндіріп өткендей, құжатта 2020 жылға қарай табиғи және жасанды су қоймаларында, сондай-ақ, арнайы жасалған теңіз плантацияларында балықтарды, шаян тәрізділерді, ұлуларды, балдырларды өндіруді, көбейтуді және өсіруді екі есе ұлғайту ұсынылады.

«ЕАЭО балық саласы шағын индустриялық нысандар – балықты жыл бойы өсіруге арналған шағын фермаларды ашу үшін жақсы әлеуетке ие және тұжырымдамада осыған ерекше назар аударылған: «Осы әлеуеттің іске асырылуы бірқатар өзекті салалық міндеттерді шешуге көмектеседі. Біріншіден, өңірдегі тұтынушыларды жылдың кез келген уақытында жаңа ауланған балық өнімімен қамтамасыз ету; екіншіден, жаңа өндірістер – бұл жұмыс орындары және халықтың баламалы жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету; үшіншіден, экологиялық жүктемені төмендету», – деді ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Станислав Бубен.

Сарапшының айтуы бойынша, осы тұжырымдаманы іске асырудың күтілетін нәтижесі 2020 жылға қарай аквамәдениет өнімінің өндірісін 350 мың тоннаға дейін ұлғайту болмақ.  




Яндекс.Метрика