Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қ. Көшербаев елдегі экономикалық жағдай туралы өз пікірін айтты

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында өңірде орын алып жатқан экономикалық проблемалар туралы айтып берді.
Астана қаласы17 Ақпан , 15:57

«Бізде мамандардың белгілі бір талдау тобы бар, олар Қызылорда өңірінде болып жатқан проблемаларды зерттеп, әр түрлі салыстырулар жүргізеді. Президент Ұлттық банк пен Үкіметке макроэкономикалық тұрақтылықты, инфляциялық дәлізді қамтамасыз етіп қана қоймай, дамумен де айналысу туралы тапсырма берген болатын. Бұл өте маңызды, себебі құны бойынша қолжетімсіз несиелер ЖІӨ өсіміне ықпал етпейтіндіктен, экономиканың толық несиелендірілмеуі кедергі жасайды. Ресурстар, несиелер керек. Несиелер – бұл экономикалық өсу аванстары», - деді өңір басшысы.

Әкім экономиканы ынталандыру үшін Ұлттық банк өзгерістер енгізуі тиіс болатын сәт туындады деп санайды.   

«Импорттаушы компаниялардың төлемдерін қоспағанда, валюталық операцияларды жүзеге асыру кезінде салық енгізу, сондай-ақ шетелдік валютада несие беру үшін банк секторының субъектілері үшін салық енгізу және банктердің ашық валюталық позициялары үшін қатаң шектеу орнату қажет», - деп қосты Қ. Көшербаев.

Сондай-ақ,  конференция барысында Қырымбек Көшербаев Байқоңыр қаласындағы жағдай туралы да айтып берді. Ол осы өңірдегі барлық нысандарды пайдалану керек деп санайды.

«Кешендегі бар нысандар – бұл пайдаланылуы тиіс мүмкіндіктер, оған қоса, Мемлекет басшысы да Байқоңыр нысандары инвестициялық алаңға айналып, жаңа, соның ішінде бірлескен өндірістерді ұйымдастыру мүмкіндігі ретінде қарастырылуы тиіс деп санайды», - деп атап өтті әкім.

Оның айтуы бойынша, қазір Байқоңыр кешеніне инвестицияларды тарту қажет.   

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика