Өңірлер

БЖК бағдарламасы кәсіпкерлерді қолдаудың салмақты құралына айналды – Бақауов

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов халық алдындағы есебінде кәсіпкерлерді қолдаудың салмақты құралына айналғандығын жеткізді.
Павлодар17 Ақпан , 17:51

«Биылғы жылы бұқаралық  кәсіпкерлікті дамыту мен жұмыспен қамтуды тиімділету бойынша жаңа бағдарлама іске қосылды. Ол  16 млн теңгеге  дейін шағын несие алуға мүмкіндік береді», - деді әкім.

Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыруға  2017 жылы  1 млрд  теңге бөлінеді.

Аймақ басшысы айтып өткендей, бизнеске қолайлы жағдай туғызу  мен кәсіпкерлікті дамыту – мемлекеттік органдардың маңызды міндеті. Бүгінде кәсіпкерлікте  130 мың адам немесе әрбір үшінші адам кәсіпкерлікте жұмыс істейді.

«Шағын және орта бизнес жалпы өңірлік өнімнің  20 пайызын қалыптастырады. Мемлекет басшысы  ЖӨӨ-нің  үлесін  50 пайызға жеткізеді», - деді Б.Бақауов.

Айта кетерлігі, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов  халық алдындағы есебінде кәсіпкерлерді  қолдаудың салмақты құралына айналғандығын жеткізді. 




Яндекс.Метрика