Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстан Францияға ғарыш аппараттарының компоненттерін жеткізуді жоспарлауда

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған ҚР ҚАӨМ басшылығы «Airbus Defence and Space» («Airbus D&S») француз компаниясының басшыларымен кездесуі болып өтті.
Астана қаласы18 Ақпан , 12:15

Министрлікте хабарлағандай,  кездесу барысында бірлескен жобаларды іске асырудың алғашқы қорытындылары – ол Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің нәтижелері қарастырылған болатын, сондай-ақ «Airbus D&S» компаниясына «Ғалам» ЖШС ғарыш аппараттарының компоненттерін жеткізу туралы бірлескен қазақстандық-француздық кәсіпорындар «Ғалам» ЖШС және «Airbus Defence and Space» компаниясының арасындағы негіздемелік келісімшартқа қол қою мәселесі талқыланды.

Кездесуге қатысушылар келіссөздердің қорытындысы бойынша осы мәжілістің күн тәртібіндегі мәселелерге пысықтау жүргізудің қажеттілігін атап өтті және одан әрі қарай да ынтымақтастыққа сенімділік танытты.

 




Яндекс.Метрика