Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Ақмола облысында кедендік рәсімдер оңайлатылуда

«Астана -1» жобасы аясында Ақмола облысында кедендік рәсімдер оңайлатылуда, деп хабарлады өңірдің мемлекеттік кірістер департаменті.
Ақмола 17 Ақпан, 15:14

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде АСТАНА-1 ақпараттық жүйесін енгізу мәселелері бойынша видеоконференция өтті. «Астана-1» жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен БҰҰ сауда және даму конференциясы (ЮНКТАД) арасындағы шартқа сәйкес жүзеге асырылуда.

Жоба міндеттері ДСҰ нормаларына, халықаралық стандарттар мен озық практикаға сәйкес, кедендік саясат пен рәсімдерді оңтайландыру, электрондық декларациялау жүйесін енгізу, экспорт және импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту, пост-аудит және тәуекелдерді басқарудың озық әдістемелерін енгізу болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында инновацияларды қолдау және оларды жылдам енгізу маңызды болып табылатыны атап өтілген.

Департаментте түсіндіріп өткендей, «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі қолданыстағы 5 кедендік жүйені біріктіреді және уәкілетті органдар жүйелерімен интеграцияланады, бұл құжаттарды қағаз түрінде ұсынбай-ақ тауарларға арналған декларацияларды электрондық түрде беруге мүмкіндік береді.    

Тауарларға декларацияларды электрондық түрде беру кезінде онда айтылған мәліметтерді растайтын құжаттар ұсынылмайды.

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап  толық енгізу жоспарланып отыр. 





Яндекс.Метрика