Басқару

Қазақстанда нысандарды мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі жөнінде төлқұжаттандырудан өткізеді

Қазақстанда нысандарды мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі жөнінде төлқұжаттандырудан өткізеді.Бұл туралы, бүгінгі брифинг барысында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова хабарлады.
Астана қаласы17 Ақпан , 17:09

С.Жақыпова айтып өткендей,  Қазақстанда мүгедектер жиі баратын 36 мың 200 нысан бар. Жергілікті атқарушы органдар, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі жөнінде, 28 мың 205 нысанды төлқұжаттандырудан өткізуді көздеген еді.

«Өткен жылдың қорытындысында 27 мың 828 нысан (98,7%) төлқұжат алса, оның 17 мың 506 нысаны (62,9%) бейімделуге тиесілі болды. Бұлардың 11 мың 212 нысаны (64%) қажет деңгейде икемделді. Мүгедектерге қолжетімділік қамтамасыз етілген әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарының үлесі, төлқұжатқа ие болған жалпы нысандар қатарынан 77,4%-ды құрады», - деп хабардар етті вице-министр.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар жиі баратын нысандардың арасында 100% төлқұжаттандыру жұмыстары Ақмола, Алматы, Қостанай, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында еңсерілген.

Төлқұжаттандырудың төмен қарқыны Маңғыстау облысында (1 мың 590 нысаннан 390), Жамбыл облысында (3 мың 36 нысаннан 904), Астана қаласында (1 мың 106 нысаннан 401), Шығыс Қазақстан облысында (3 мың 907 нысаннан 1 мың 926) байқалған.

2016 жылы, бейімдеуге қажет нысандардың жалпы қатарынан, 4 мың 640 нысанды мүгедектердің мұқтаждығына лайықтау межеленген болса, 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, 4 мың 537 нысан (97,8%) қажет дәрежеге келтірілген.




Яндекс.Метрика