Ұлттың денсаулығы

Қарағандылық тегін дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету үшін 3 миллиард теңге бөлінеді

Қарағанды облысында 2017 жылы науқастарды тегін дәрілермен қамтамасыз етуге жұмсалатын қаржы көлемі артады. Дәрі-дәрмектер емханаларға әдеттегі мерзімнен ерте жеткізіледі, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды17 Ақпан , 20:21

2015 жылы тегін қамсыздандыру үшін дәрілік препараттар сатып алуға 1 миллиард теңгеге жуық жұмсалды. 2016 жылы қаржыландыру толық көлемде жүргізілді. Бірақ бағалардың өзгергенін білесіздер. Сондықтан жыл соңына қарай бюджетті нақтылау кезінде қосымша қаржы бөлінді.

Бюджеттен 58 млн. теңге қосымша берілді. Бұл ақшаға диабет, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққандарға арналған дәрілер, гормоналды препараттар сатып алынды.

2017 жылы түрлі қаржы көздерінен 3 млрд. теңгеге жуық көлемде қаржыландыру қарастырылған. 2016 жылмен салыстырғанда бұл 400 млн. теңгеге артық.

Жыл басында науқастардың дәрі-дәрмектерді өз ақшасына сатып алатыны белгілі. Бұл жолы уақыт айырмашылығын қысқартуға тырыстық.




Яндекс.Метрика