Халықаралық интеграция

Екібастұзда өндірілетін электр энергиясы Ресейге қайтадан тасымалдана басталды

Екібастұзда өндірілетін электр энергиясы Ресейге қайтадан тасымалдана басталды. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі аймақ тұрғындары алдындағы есептік кездесуде айтты.
Павлодар17 Ақпан , 12:46

Болат Бақауовтың айтуынша экспорт тасымалының жандануы станцияның жұмысын 70 пайызға арттырады. Сонымен қатар, станцияның экспорттық мүмкіндіктері әлі де зор, сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады.  

«Богатырь-Көмір» көмір разрезінде 2016 жылы көмір өндірісі 1,6 пайызға артты, - деді аймақ басшысы. Циклдік-ағындық желі жобасын  жүзеге асырғаннан кейін кәсіпорын өндірілетін көмір көлемін одан сайын ұлғайтуға мүмкіндік алады», - деді ол.

Өз баяндамасында облыс әкімі арнайы экономикалық аймақ туралы да сөз қозғады. Мұндағы 5 кәсіпорын өткен жылы құны 20 миллиард теңге тұратын өнім жасап шығарды.

 «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «УПНК-ПВ» кәсіпорны қыздырылған кокс шығарады. Бұл өнім Қазақстан электролиз зауытында бастапқы алюминий жасау үшін қолданылады.Бұл ERG компаниялар тобының облыс кәсіпкерлерімен арадағы өзара тиімді ынтымақтастықтың жарқын көрінісі», - деді Болат Бақауов.

2016 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын 26,2 мың тонна мұнай коксын өндіріп шығарды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 31 пайызға артық. Аймақ басшысы бұл бағытта ірі бизнес жобалары жүзеге асыралытынын атап өтті.




Яндекс.Метрика