Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Жапонияның қорғаныс ведомстволары өзара іс-қимыл жөніндегі меморандумға қол қойды

Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров пен Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабатоймен кездесу өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 17 Ақпан, 14:32

Кездесу барысында екіжақты әскери ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері талқыланды. Осы кездесудің аясында көтерілген тағы бір тақырып Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мен Жапония арасындағы қорғаныс ынтымақтастығы мен өзара іс-қимыл ауқымындағы Меморандумға қол қою болды. Бұл құжаттың жобасы алдын ала тараптармен әзірленіп, келісілген болатын.

Қазақстан ішкі саяси және экономикалық мақсаттылыққа сүйене отырып мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуде міндеттерді бірқалыпты шешу үшін халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты белсенді дамытып келеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Жапонияның әскери ынтымақтастығы даму үстінде.





Яндекс.Метрика