Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Оралда 2016 жылы 4072 жұмыс орны құрылды

2016 жылы мемлекеттік қолдау шараларымен 5309 адам қамтылды. Бұл көрсеткіш 2015 жылдың деңгейінен 28%-ға өсті, соның арқасында 2393 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан17 Ақпан , 11:57

Шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 56 адамға 170 млн. теңге шағын несие беріліп, 58 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұрын берілген қаражат уақтылы қайтарылу нәтижесінде кәсіпкерлерге жаңа шағын несиелер беруге мүмкіндік туды.

«Өткен жылы 269 адам кәсіптік оқумен қамтылды. Кәсіптік оқуды аяқтаған 250 адам (93%) тұрақты жұмысқа орналастырылды. Былтыр әлеуметтік жұмыс орындарына 142 адам жолданып, 73-і тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бүгінде жұмыссыздар қатарында 640 адам есепте тұр, жұмыссыздық деңгейі – 0,5%. Жастар тәжірибесі бойынша 187 мекемеге 485 адам жолданып, 33%-ы жұмысқа орналасты. Былтыр жаңадан 4072 жұмыс орны ашылып, бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 17%-ға артты», - делінген хабарламада.

Соның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 403 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мәселесімен жолыққан мүмкіндігі шектеулі жандар саны – 169, оның ішінде әлеуметтік қолдау шараларымен 163 адам қамтылды. Өткен жылы өткізілген 7 бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 1653 адам қатысса, оның үштен бір бөлігі мемлекеттік қолдауды иеленді.

 Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 27%-ға артық. 2016 жылы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыны 2120 бала алды, бұл алдыңғы жылдың деңгейінен 7,4%-ға көп. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 277 адам алды, бұл 2015 жылдан 20%-ға төмен. 2016 жылдың маусым айында отбасыны белсендіру әлеуметтік келісімшарты негізінде аз қамтылған отбасылар үшін шартты ақшалай көмекті енгізу бойынша "Өрлеу" жобасы іске қосылды. 25 отбасымен (119 адам) әлеуметтік келісімшарт жасалып, 3,6 млн. теңге төленді. 27 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.




Яндекс.Метрика