Өңірлер

Алматы облысында 2017 жылы қант зауыты ашылады

Облыс әкімдігінде аудан, қала әкімдері және департаменттер мен басқарма басшыларының қатысуымен өткен жұмыс отырысы кезінде облыс әкімі Амандық Баталов 2017 жылға межеленген жұмыстардың негізгі басымдықтарын белгіледі.
Алматы17 Ақпан , 10:37

Ағымдағы жылдың бірінші кезектегі орындалуы тиіс тапсырмалардың тірі – Ақсу қант зауытын қайта іске қосу. Бұл өз кезегінде Алматы облысының аумағында қант шаруашылығы саласын дамытуға үлкен септігін тигізбек.

«Көктемгі дала жұмыстарына қамданатын уақыт келді. Егін науқаны кезінде жұмыстардың тұралап қалмауы үшін ақпан айының соңына дейін облыстың қант қызылшасын өсірумен айналысатын шаруаларымен меморандумдар жасасуды қолға алыңыздар. Биылғы жылы қант қызылшасы алқаптарының көлемі 9 мың гектарды құрайтын болады. Одан 300 мың тонна қант қызылшасын жинап, нәтижесінде 30 мың тонна дайын қант өнімін алуымыз қажет. Бұл ауқымды әрі тынымсыз еңбекті талап етеді. Сол себепті дайындық жұмыстары уақытылы аяқталуы тиіс. Ақсу қант зауытын іске қосуды басты назарда ұстаңыздар, себебі бұл нысанды іске қоспасақ жоспарлаған межелерімізге қол жеткізе алмаймыз», - деді А. Баталов.

Сондай-ақ облыс әкімі қант қызылшасын сақтайтын екі алаң құрылатындығын атап өтті.

Жетісудың мақтанышы «дала аруы» саналатын жүгері дақылын өсіру де назардан тыс қалмауы тиіс. Биылғы жылы оның егістік көлемі 78,6 мың гектарды құрайтын болады. Сонымен қатар жүгері өнімін сұрыптап, кептіріп, сақтауға арналған екі арнайы алаң салынатын болады.

Тағы бір негізгі бағыттардың бірі ретінде облыс әкімі облыс орталығы мен жалпы облыс аумағын табиғи газбен қамтамасыз етуді атады. Бұл бағытта облыстық энергетика, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы мен жауапты қызметтердің жұмысты баяу жүргізіп жатқандығын ескертті.

 




Яндекс.Метрика