Мәдениетті жаңғырту

Тарихи-мәдени мұра нысандары туризм саласымен тығыз байланыста болуы керек – МСМ

Тарихи-мәдени объектілерін қорғау және қолдану саласындағы барлық жұмыстар туризм саласымен тығыз байланыста болуға тиісті, деп пікірін білдірді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ведомствоның кеңейтілген алқа отырысы барысында.
Астана қаласы17 Ақпан , 10:16

«25 қаңтарда Президент Жарлығымен туризм саласындағы функциялар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағына берілді.Ұлт жоспарына сәйкес Туризм саласын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жаңа жобасы дайындалып жатыр. Бұл құжатта бай тарихи-мәдени мұрамызды, бірегей табиғи аймақтарды, сонымен қатар Қазақстанның жоғары жетістіктерін, соның ішінде Универсиада, ЭКСПО және өзге де жаһандық жобаларды әлемге кеңінен таныстыруға бағытталған шараларды үйлестіру қамтамасыз етіледі», - делінген хабарламада.

Ол сонымен қатар туристік маршруттардың логистикасы, туризмнің негізгі кластерлерін дамыту мен оларды брендтау мәселесі бөлек бағытқа бөлінетіндігін тілге тиек етті. Бұл жұмыспен қатар тарихи-мәдени мұра объектілерінде жүргізілетін қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстарының жоспарын байланыстыру қажет.

Соңғы екі жыл ішінде бұндай жұмыс 53 ескерткіште, олардың ішінде ең ірісі – Жамбыл облысының Тараз қалашығында жүргізілген болатын. Бұл жерде табылған алтын, күміс және қола бұйымдардың археологиялық қазынасы маңыздылығы бойынша Қазақстанның өзге ортағасырлық қалашықтарында табылған жәдігерлердің барлығынан асып түседі.Алынған ғылыми материал музей экспозициясын толықтырса,  табылған объектілер «Көне Тараз» археологиялық саябағында музеефикацияланатын болады.




Яндекс.Метрика