Халықаралық интеграция

Астана процесінің үш маңызды құжаты бір ай ішінде қаралады

Астана процесінің үш маңызды құжаты бір ай ішінде қаралады, оның ішіндегі екі құжат негізгісіне толықтыру болып саналады. Бұл туралы Астанада өткен халықаралық жиында Ресей Президентінің Сирия мәселесі бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев мәлімдеді.
Астана қаласы17 Ақпан , 09:14

«Алғашқы құжат – бұл ең маңызды құжат,  бірлескен топ құрылуының  қорытындысын шығарады, соғысты тоқтату бойынша барлық әрекеттермен айналысады. Екінші және үшінші құжат тәртіпті бұзудың және оларды алдын алуды қарастырып, ереже бұзғандарға қатысты санкция дайындайды. Үшінші құжат 29 желтоқсанда сириялық оппозиция қол қойған  қарулы топ  қадағалауындағы ауданның  бітімгерлікке келуін қарастырады», - деді А.Лаврентьев.

Ол айтып өткендей, барлығы аталмыш құжаттар талқыланып,  жақын арада    күшіне енгенін қалайды.

«Аталмыш құжаттар бойынша  шешім тез арада қабылдануына әрекет етеміз.  Бұл туралы сириялық  қарулы оппозиция мен  Үкімет,  Түркия делегациясымен әңгімелескен болатынбыз. Барлығы бұл құжаттардың күшіне енуіне мүдделі», - деді спикер.

Айта кетейік, түркиялық делегация  мен  сирия оппозициясының   кешігуіне байланысты қорытынды құжат қабылданбады.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика