Халықаралық интеграция

Астанадағы келіссөздер Сириядағы жағдайды реттеуге серпін береді – Қамалдинов

Астанадағы келіссөздер Женева процесі алдында Сириядағы жағдайды реттеуге серпін береді, деді Сыртқы істер вице-министрі Ақылбек Қамалдинов Астана процесінің жалпы отырысында.
Астана қаласы16 Ақпан , 19:12

«Қазақстанның Сирия бойынша жоғары дәрежелі екінші отырысты өткізуі үлкен мәртебе. Өткен айдағы  алғашқы келіссөздер  Женева процесі алдында Сирия мәселесін реттеуге үлкен серпін берді. Қорытындысында соғысты тоқтату бойынша   үшжақты механизм орнатылды. Алғашқы отырыс нәтижесінде  гарант елдер сарапшылары  БҰҰ өкілдері мен Иордания Хашимит  Республикасының өкілдерімен техникалық кеңес өткізді. Қазақстан Президенті халықаралық аренада бітімгершілік бастамалары үшін  құрметке ие болып, әлем елдері арасындағы дауларды шешуге қолғабыс көрсететін ел ретінде танылды", - деді А. Қамалдинов.

Ол айтып өткендей, Қазақстан бүгінгі шара тиімді болатынына үміт артады.

«Біз  алға жылжу көрініс тауып соғыс тоқтатылып, тұрақты жағдай орын алатынына  үміттіміз. Қазақстан БҰҰ ҚК 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретінде  халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салады. Бұл орайда біз Сирия мәселесін реттеуге атсалысуға дайынбыз», - деді А.Қамалдинов.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика