Парламент

Сенат «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға түзетулерді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы16 Ақпан , 18:26

Сенат Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында ЮНЕСКО аясында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын (2-санат) құру туралы келісімді ратификациялады.

Орталықты құру гляциологиялық ғылымды дамытуға және өңірлік және жаһандық денгейде климаттың өзгеруінің мұздықтарға, қар жамылғысына және су ресурстарына әсерлерінің ғылыми түсінігін жақсартуға, гляциология, тау криосфералары, гидрология және климатология проблемалары жөніндегі зерттеулерді дамытуға, су және азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын шешуге ықпал ететін болады.

 Орталық тиісті ұйымдар арасындағы ғылыми-зерттеу қызметін және ақпарат алмасуды және үйлестіруді келісімге сәйкес нығайтуға, климаттың өзгеруі саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға, өңірлік ғылыми-зерттеу бағдарламаларын әзірлеуді көтермелеуге, жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелерін теориялық және практикалық семинарлар, оқу курстары, конференциялар және мерзімді басылымдар арқылы таратуға жәрдемдеседі.

Сенаторлар заңнамаға азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша түзетулерді екі оқылымда қарағаннан кейін қабылдады. Құжат мазмұны төмендегідей үш бағыттағы өзгерістер мен толықтыруларды қамтиды. 1. Азаматтық заңнама ережелерін жетілдіру Мәмілелерді дауланатын және мәнсіз деп бөлу жөнінде түзетулер ұсынылды. Заңды тұлғаның құрылтайлық құжаттарындағы қайшылықтар алынып тасталды.

Сот ортақ үлестегі меншік болып табылатын даулы мүлікті еріксіз сату туралы шешімді, ол мүлікті меншіктенген бір немесе бірнеше қатысушының талабы бойынша ғана қабылдайды. Салық кодексіне ҚҚС бойынша міндетті және ерікті түрде есепке қою жөніндегі түзету енгізілді. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңға шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі нақтылайтын түзетулер енгізілді.




Яндекс.Метрика