Энергетика

2017 жылы мұнай өндіру 81 млн тоннаға жетеді – Бозымбаев

2017 жылы мұнай өндіру 81 млн тоннаға жетеді, деді Энергетика министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Қанат Бозымбаев.
Астана қаласы16 Ақпан , 18:21

Министр айтып өткендей, мұнай өндіру жоспар бойынша   81 млн тоннаны құрайды, мұнай экспорты  65 млн тонна деңгейіне жоспарланып отыр.

«Өткен жылдары мұнай саласында,ы құлдырау мұнай өңдеу саласына құйылатын инвестиция көлемін   18 млрд долларға  дейін түсірді. Жақын арадағы жылдары өсімді мұнай өндіру саласына инвестиция тартып, 20 мың жұмыс орнын құрып, елге  32 пайыз инвестиция құю жоспарланып отыр. Олар қазақстандық тауар, жұмыс пен қызметке жұмсалуы керек», - деді Қанат Бозымбаев.

"Өткен жылы мұнай өндіру көлемі 78 млн тоннаны құрады. Негізі 75,5 млн тонна қара алтын өндіру жоспарланған едік. Қашағанды іске қосу арқылы жоспарды артығымен орындадық.

«2014-2016 жылдары туынды компаниялар пайдалы қазбалар өндіру салығы бойынша жеңілдіктер алды. Қашаған кең орны іске қосылды. Былтыр 1 миллион тоннаға жуық мұнай алынды. Мұнай экспортын 62 миллион тоннаға дейін арттырдық, оның 40 миллион тоннасы Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалданды», - деді ол.

«Мемлекет қолдауының арқасында алғаш рет 325 мың тонна битум қайта өңделді. Сұйық газ өндірісінің көлемі 136 тоннаға артты", - дейді Қ.Бозымбаев.




Яндекс.Метрика