Энергетика

Бензин өндірісі 2,9 млн тоннаға ұлғайды

Бензин өндірісі 1,5 милионнан 2,9 млн тоннаға жетті. Бұл туралы ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді.
Астана қаласы16 Ақпан , 17:21

«Біз Қазақстандағы мұнай өнімдерін белсенді қолданудың көрсеткішіне ие болып отырмыз. 2001 жылы 1,5 млн автомобиль тіркелген болатын,  2016 жылы олардың саны  3,9 млн-ға  жетті. Сәйкесінше, бензинді қолдану  2001 жылмен салыстырғанда  2,5 есеге көбейді», - деді Әсет Мағауов.

Әсет Мағауовтың айтуынша, қолданудың артуы жеңіл көліктер санының артуына байланысты болып отыр. Сондай-ақ, ол Қазақстандағы жеңіл көліктердің басым бөлігі АИ-92 маркалы бензинін тұтынатындығын жеткізді.

«Техникалық паспорт пен экологиялық тәртіптер негізінде барлығы 92 бензинін тұтыну керек. АИ 80 – органикалық нарық – бұл өте ескі автомобильдер мен жеке көліктерге бағытталған», - деді вице-министр.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика