Білім беру

Жаңаөзенде жоғарғы оқу орнында оқитын 200 студентке әлеуметтік көмек көрсетілді

Жаңаөзенде жоғарғы оқу орнында оқитын 200 студентке әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы17 Ақпан , 09:32

Жаңаөзен қаласында 3 пен 6 жас аралығындағы бала саны 14 242 болса, «Балапан» бағдарламасы бойынша оның 13 530-ы, яғни 95%-ы мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтылған.

2016 жылы Рахат ауылындағы 288 орындықты №15 орта мектепке қосымша құрылыс салуға 110,5 млн.теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын 2017 жылдың І жартыжылдығында аяқтауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында «Арай», «Рауан» және «Рахат» шағынаудандарынан әрқайсысы 900 орындық 3 мектептің құрылысын салу жоспарлануда.

Жоғарғы оқу орнында оқитын 200 студентке әлеуметтік көмек бойынша  оқу ақысын төлеуге 132,4 млн. теңге көмек көрсетілді. Өткен жылы осы жеңілдікпен 18 жас маман оқу орындарын бітіріп, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласына жұмысқа орналасты.

Білім сапасын жақсарту мақсатында, дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-лицейі жұмысын бастады, онда 140 бала білім алуда.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика