Адами капитал

2016 жылы ҰЕҰ 6 мыңнан астам адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге атсалысты

Өткен жылы, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге мемлекеттік тапсырыс орналастырудың арқасында, елдегі ҮЕҰ, өз өмірінде қиын жағдайда қалған 6,3 мың қазақстандық азаматқа көмек көрсете алды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан17 Ақпан , 08:39

Олардың арасында қарт адамдар, мүгедектер, мүгедек балалар және психоневрологиялық ауруларға шалдыққан тұлғалар, адам саудасының құрбандары бар.

Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар орналастыруға байланысты ағымдағы нысаналы трансферттер көлемі 2016 жылы 702,9 млн теңгені құраса, бұл соманың 679,1 млн теңгесі жартылай стационарлық және үйдегі күтімге жұмсалып, адам саудасы құрбандарын оңалтуға 23,8 млн теңге шығындалған.

 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге мемлекеттік тапсырыс орналастыру арқылы, мұқтаж жақтардың оларға қолжетімділігі артады. Егер бұл салаға ҮЕҰ тартпағанда, халықты арнаулы қызметтермен қамту үшін ондаған мемлекеттік интернат-үйлер мен өзге де арнайы мекемелер ашуға тура келер еді. Ал бұл қыруар қаржы шығыны», - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры Айгүл Табергенова.

Былтыр, арнаулы қызметтер көрсету бағытында, ең көп ҮЕҰ Шығыс Қазақстан (17), Павлодар (15), Ақмола (12), Жамбыл (10) және Қарағанды (7) облыстарында жұмыс істеген. Ең аз азаматтық сектор ұйымдары Маңғыстау, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарынан, біреуден ортақ іс-қимылға араласқан.

2017 жылы болса, үкіметтік емес ортаға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс деңгейі 1 млрд 122 млн теңгені маңайламақ.

Атап өтерлік жайт, соңғы 7 жылда ҮЕҰ арқылы арнаулы қызметтердің игілігін көрген отандастарымыздың саны 4,3 есеге өскен (2009 жылғы 1,5 мың адамнан 2016 жылы 6,3 мың адамға). Ал тиісті қызметтермен қамтамасыз еткен ҮЕҰ қатары 25 есеге жоғарылаған (2009 жылғы төрттен 2026 жылы 100 ұйымға).

 




Яндекс.Метрика