Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

ШҚО-да газель өндіру үшін құрастыру желісі ашылады

Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары жаңа технологияларды енгізу арқылы өнімділігін арттыруда.
Шығыс Қазақстан16 Ақпан , 17:03

«Шығыс Қазақстанда  алдымен  жылдамдатылған технологиялық жаңғырту мен  өнеркәсіп саласында жаңа технологиялар трансфері арқылы өнімділікті арттыру жүргізілуде. Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары аталмыш салада  жұмыс істеп жатыр», - деді ШҚО индустриялды-инновациялық дамыту мен кәсіпкерлікті  басқару жетекшісінің міндетін атқарушы Мақсат Мұсапірбеков.

Мәселен, 2017 жылы «Ази Авто» АҚ-да диагностикалық және құрастыру паркін жаңарту көзделген. Әлемдік брендтердің технологиялары қолданылуда: GM, SKODA, KIA, Renault-Nissan-АВТОВАЗ.

Сондай-ақ, Lean Production замануи басқару технологиялары мен Кайдзен жүйесі, 5S әдістері енгізілді.

Сонымен қатар, компания толық циклды  автозауыт құрылысын жүргізіп жатыр. Ол Өскеменде автокомпоненттерді шығаратын болады. 




Яндекс.Метрика