Адами капитал

Әсет Исекешев Астанада азық-түлік бағасының тұрақтануы туралы айтып берді

Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін бірқатар шаралар жүргізіліп жатыр, деді қала әкімі Әсет Исекешев халықпен кездесуінде.
Астана қаласы16 Ақпан , 17:48

«ЭКСПО-2017 кезінде бізде туристердің ағыны көбеюде, азық-түлікті пайдалану  20 пайызға артты. Сондықтан біз бұл мәселелерге жауап табу үшін жоспар әзірледік. Біріншіден, бәсекелестік пен фермерлердің нарыққа қолжетімділіқ жағдайын шешуіміз керек. Екіншіден, үш  реттеу логистикалық  орталығы болады, оған азық-түлік жылдам келіп түседі», - деді әкім.

Үшіншіден, елдің  барлық облыстары және  Өзбекстанмен  жыл бойы жеміс-жидек пен көкөніс жеткізу бойынша келісімшарт орнатылған.  Қазірдің өзінде қабылдау  қажет бағдарлама бар, ол бағаның бірден шарықтап кетуін ауыздықтайды.

Ә.Исекешев айтып өткендей, елордада жыл сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.

«Жәрмеңкелерде азық-түлікті арзан бағаға сатып алу мүмкіндігі бар. Меніңше, азық-түлік бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Біз барлық елордалық нарықтар бойынша жұмыс істеп жатырмыз.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика