Инфрақұрылымның дамуы

2018 жылы астаналық тұрғындарға 8 мың пәтер беріледі

Астанада 2018 жылы 8 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов қала тұрғындарына есеп беру кездесуі барысында айтты.
Астана қаласы16 Ақпан , 13:12

Сондай-ақ, 2021 жылға дейін астанада 40 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілмек.

«Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен құрылыс басқармасы арқылы – 8 мыңнан астам пәтер, жалға берілетін - 2 300, несиеге – 6 мың және қалған пәтерлер келесі жылдан бастап жылына 7-8 мыңнан беріледі. Осылайша, сегіз мыңы – бюджет қаражаты есебінен, қалғаны – жеке құрылысшылар есебінен, алайда, біз оларға желімен және мемлекетті дамыту институты қаржыландырумен көмектесетін болады», - деп атап өтті Әсет Исекешов.

Қала басшысы пәтерге кезекте тұрғандарға қатысты деректерді де келтірді: мысалы, 2007 жылы 7 мыңнан астам адам кезекте тұрса, бүгінгі таңда ол 44 мыңға дейін көбейген.  

«Әрине, барлығын тұрғын үймен бірден қамтамасыз ету өте қиын. Сондықтан, тұрғын үймен, алдымен, кезекте тұрғандар қамтамасыз етіледі. Өткен жылы 6 мыңнан астам адам кезекке тұрғаны белгілі», - деп қосты ол. 

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика