Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2017 жылы 700 шақырым жол ақылы болады

2020 жылға дейін 6 мың шақырым жолда ақылы жүйе енгізілсе, оның ішінде 2017 жылы 700 шақырым жол ақылы болады, 2020 жылға дейін жыл сайын 30 млрд. теңге жиналады, деді ОКҚ-да ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр.
Астана қаласы16 Ақпан , 13:02

«2017 жылы Республикалық бюджет есебінен Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай және Дүниежүзілік банк займдары есебінен Алматы-Қорғас учаскелерінде ақы қабылдайтын жүйелер орнату көзделіп отыр. Жүйені сынақтан өткізу үшін биыл қараша айында іске қосу жоспарланып отыр», - деді ол.

Сондай-ақ,  республикалық бюджет қаржысына ұзақтығы 1 мың шақырымнан асатын  жаңа 8 жобаны бастау көзделіп отыр. Бұл Бейнеу-Ақжігіт,  Қостанай – Денисовка, Щучинск-Зеренді, Осиновск асуы, Таскескен-Бақты, Үшарал-Достық, Астананы айналып өтетін Оңтүстік-Батыс, Қалбатау-Майқапшағай жобалары. 

2020 жылға дейін 6 мың шақырым жолда ақылы жүйе енгізілсе, оның ішінде 2017 жылы 700 шақырым  жол ақылы болады, 2020 жылға дейін жыл сайын 30 млрд. теңге жиналады. 

 Автожолды пайдаланушыларға қызмет көрсетуде сапалы инфрақұрылымға ерекше көңіл бөлінетін болады.

Қазіргі уақытта республикалық маңыздағы жолдардың бойында әртүрлі қызмет көрсететін 2 мыңнан астам нысан бар.  Олар көбіне ірі елдімекендердің маңына жақын орналасқан. Олардың тек бестен бір бөлігі 2015 жылы қабылданған ұлттық стандарттарға сәйкес келеді.     

   




Яндекс.Метрика