«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол» бойынша жолдардың құрылысына 100 мың адам жұмылдырылады

«Нұрлы жол» бойынша жолдардың құрылысына 100 мың адам жұмылдырылад, деді ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр көлік-логистика әлеуетін, құрылыс саласын және ТКШ дамыту бойынша Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі ҚР ИДМ жоспарлары туралы айтты.
Астана қаласы16 Ақпан , 13:16

Р.Склярдың айтуынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2017 жылы 4,4 мың шақырым жолда жұмыс жүргізіледі, оған 100 мың адам тартылады. Жыл соңына дейін 600 км жол пайдалануға беріледі.

Биыл Бейнеу-Ақтау (2017 ж.-230 км), Алматы-Талдықорған (2017ж-24 км), сондай-ақ, Астана-Павлодар (232км) автожолының жекелеген учаскелері, Орал-Каменка (50 км), Ақтөбе-Атырау (26 км), Қордай асуын айналып өтетін жол (40 км)  толық аяқталады.

 Сондай-ақ, вице-министрдің айтуынша, жергілікті автожол желілерінің 34%қанағаттанарлықсыз жағдайда (БҚО-72%, Ақтөбе-52%, Атырау-51%, СҚО-45%). Жылына орташа алғанда шамамен 2 мың шақырым жол жөнделеді. Бұл республикалық желімен салыстырғанда 3 есе төмен. Осыған байланысты вице-министр әкімдерге өз аймақтарындағы облыстық және аудандық маңыздағы жолдардың жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыстарды күшейту қажеттігін айтты.

Барлық ресурстарды тұрғын үй құрылысы саласына шоғырландыру үшін бірыңғай «Нұрлы жер» бағдарламасы қабылданды - деп атап өтті Р.Скляр. Оның аясында 1,5 млн. баспана, оның ішінде 2017 жылы 100 мың баспана салынады.

          




Яндекс.Метрика