Білім беру

ШҚО-да 300-ден астам ауылдық мектеп жаңа интерактивтік қондырғымен жабдықталады

Бұл мақсаттарға бюджеттен 160 млн теңге бөлінді, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан16 Ақпан , 14:58

«Соңғы оқу жылының  қорытындысы бойынша ШҚО қалалық мектептерінің көрсеткіші   60 пайызды құрады. Ал ауылдық мектеп көрсеткіші  4 пайыздан төмен. Бұл айырмашылықты азайту үшін облыстың  341 мектебін  160 млн теңгенің интерактивтік  қондырғысымен қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.

Қала мен ауыл оқушыларының  арасындағы айырмашылыққа қатысты  облыстық білім беру  басқармасының  мәліметінше, мекемелердің  кадрлық әлеуеті мен  материалдық-техникалық жабдықталуы әсер етеді.

«Қала мен ауыл оқушысы арасындағы айырмашылықты жою керек, деп Елбасы өз Жолдауында айтып  өткен болатын. Сараптама бойынша  біздің өңірде айырмашылық бар екенін білдік. Айырмашылықты теңестіріп, жақсарту үшін мектептерді жаңа интерактивтік қондырғымен жабдықтау жоспарланып отыр», - деді ШҚО білім беру басқармасының жетекшісі Айжан Садықова.

Оның айтуынша, BILIMLAND интерактивтік ресурстарымен  өңірдің білім беру нысандары жабдықталады.




Яндекс.Метрика