Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Астанада қарбалас сәтте қалаға ақылы кіру уақытша тоқтатылды

Кезекті есеп беру кезінде қала әкімі Астанада қарбалас сәтте қалаға ақылы кіру уақытша тоқтатылғандығын айтты.
Астана қаласы16 Ақпан , 11:46

«Қаланың маңызды мәселесі – қоғамдық көлік. Біз қаланың қоғамдық көліктерін басқаратын  жаңа модель  құруды жоспарлап отырмыз.  Үш өзекті мәселе бар: бұл – автобустардың жетіспеуі, аялдама павильондары мен  жүргізушілердің мәдениеті.Біз осыған орай қоғамдық тыңдалым өткізіп, барлық өтініштерді  қарастырып,  Абылай хан және  Құдайбердіұлы  даңғылдарынан  қалаға ақылы кіруді уақытша тоқтаттық», - деді Ә.Исекешев.

Әкім айтып  өткендей, елордада  жаңа автобустар сатып алынып,  LRT салынады, алдағы екі жылда жеңілрельсті  көлік енгізіледі.

«Біз биыл  386 автобус сатып алмақпыз. Біз бағыттарды қайта қарап жатырмыз,  барлық арыздарды да қарап шығамыз деген ойдамын», - деді әкім.

Сондай-ақ, Астанада  автобустарға арналған  ұзындығы  60 км арнайы  жолақтар  көбейетінін айтты.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика