Адами капитал

БЖК бойынша ерейментаулықтар 13 жобаны жүзеге асырды

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жұмыс істегелі бері Ақмола облысының Ерейментау ауданында 384 млн теңгенің 13 жобасы жүзеге асырылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола16 Ақпан , 20:43

Өткен жылы  мемлекеттік бағдарлама аясында  ауданда   3 жоба жүзеге асырылды.  «ТМЗ Сервис» ЖШС айналымын  толықтыруға  150 млн теңге бөлінді. «БЖК-2020» «Өрнек» ШҚ  10 млн теңгеге трактор сатып алуға жәрдемдесті.  «Диас» балабақшасына  5 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Сондай-ақ,  Ерейментау ауданында  2016 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы  91 адамды қамтыды. Шағын несиені  31 адам  78,5 млн теңге көлемінде алды.

Ерейментау ауданында  18 отбасы  «Өрлеу» пилоттық жобасына қатысты. Оның аясында жобаға қатысушылар қаржылай қолдауға ие болды. 




Яндекс.Метрика