Білім беру

Қытай қазақстандықтарға жоо-да оқу үшін 55 грант ұсынбақ

Конкурс бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша және тағылымдамадан өту үшін жарияланады. Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі – 2017 жылғы 10 наурыз.
Казахстан16 Ақпан , 15:14

Аталған стипендиялар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында (39 орын), сондай-ақ ШЫҰ мүше мемлекеттердің Үкіметтері арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында (16 орын) беріледі.

Халықаралық бағдарламалар орталығының ақпараты бойынша, үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлері:

– шет тілін білу деңгейі, HSK сертификаты (бар болса);

– білімі туралы құжаттың орташа балы;

– академиялық кезең аяқталғаннан кейінгі ағымдағы үлгерімі;

– жоғары білімі туралы диплом мамандығының (магистратура, докторантура үшін) ҚХР-да оқу жоспарланатын мамандықпен сәйкестігі.

Толық ақпаратты, соның ішінде жоо мен мамандықтар тізімін csc.edu.cn сайтынан алуға болады.




Яндекс.Метрика