Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Астананың жалпы өңірлік өнімін 3,7%-ға ұлғайту жоспарланған – Исекешев

Астананың жалпы өңірлік өнімін 3,7%-ға ұлғайту жоспарланған, деді Астана әкімі Әсет Исекешев халық алдында берген есебінде.
Астана қаласы16 Ақпан , 11:17

 «2016 жылы жалпы өңірлік өнім болжамдарға сәйкес 5 трлн. теңгені құрайды және 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,7% ұлғайды. Астана өңірлер бөлінісінде негізгі капиталға тартылған инвестициялар (837,7 млрд. теңге, ҚР - 11%),шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарының санының арту қарқыны (НКИ – 101,1%, ҚР бойынша – 95,4%) бойынша көш басында, сондай-ақ, елордада ең төмен жұмыссыздық деңгейі (4,6%, по РК – 4,9%)тіркелді», - деді қала басшысы.

10 заманауи жаңа жоғары технологиялық өндіріс ашылды, соның ішінде 3 – шетелдік капиталдың қатысуымен. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 426 млрд. теңгені, инвестициялар 838 млрд. теңгені құрады, соның ішінде 60% жеке қаржы.

Қазіргі кезде 140 мыңға жуық ШОБ субъектісі бар, өткен жылмен қарағанда өсім байқалады,  жалпы өңірлік өнімнің 50% жуығы қалыптасады, және жаңа жұмыс орындарының шамамен 70% ашылады», - деп атап өтті қала басшысы.  

2016 жылы жалпы құны 32 млрд. теңгені құрайтын 206 жоба ға қолдау көрсетілді, бұл 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 2 есеге артық. 

«Астана – бұл Елбасының қаласы, себебі әрбір проблеманы Президент өз бақылауында ұстайды.  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 69 қадамына сәйкес, Астана Еуразиялық  кеңістіктің  негізгі орталығының біріне айналуы керек. Астана жайлы әрі  қолайлы қалаға айналуы керек. Соныдықтан да, экономикада  маңызды сараптама жүргіздік, шағын және орта бизнес әлеуеті мен халықтың әлеуметтік нысандарға қолжетімділігін  білу үшін ашық есік күндері өткізілді.  Сондай-ақ, қала бойынша  109 қызметі жұмыс істейді,  жалпы  50 мың сұрақ келіп түсті», - деді әкім.

А.Исекешев  қоғамдық көліктің  проблемасына да тоқтады. Оның айтуынша, үш өзекті мәселе бар: бұл – автобустардың жетіспеуі, аялдама павильондары мен  жүргізушілердің мәдениеті. Алдағы уақытта  әкімдік  автобустарды күтетін   20 минутты  10 минутқа қысқарту қажет. 

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика