Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

«Қорғаста» кедендік төлемақыдан босатылған тауарларды алып өту үдерісін жеңілдетті

Биылғы жылғы 14 ақпаннан бастап «Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестігі орталығы (ХШСО) арқылы өткізілетін жеке меншік иесінің қолданатын бірқатар тауарларына кедендік төлемақы мәселесінен жеңілдікті қолдану үдерісі жүргізіледі, деді «Қорғас» ХШСО» АҚ халықаралық серіктестік және инвестиция басқармасының бастығы Күрбанджан Ахметов.
Алматы16 Ақпан , 12:53

Жеңілдікті қолдану үдерісі ҚР Қаржы министрлігінің Кеден Одағы аясындағы кедендік шекаралар арқылы өткізілетін жеке тұлғалардың меншік иесінің қолданатын бірқатар тауарларына кедендік төлемақы мәселесінен жеңілдікті қолдану үдерісі туралы бұйрығы негізінде күшіне енгізілді.

«Бұрын жек тұлғалардың қолданатын заттары, киімдері, төсек-орындары құралдары және басқа да заттарын екеуден артық мөлшерде алып жүретін болса, қазір ол едәуір азайтылды», - деді ол.

Бұл арқылы «Қорғас» ХШСО арқылы өтушілер мен тауар алып өтушілер айына бір ақ рет ойын жүзеге асырады. 

«Кез-келген қонақ «Қорғас» ХШСО аумағына қанша рет келгісі келсе болады. Бір орталық аумағына кірген бір ақ мүмкіндігіне жеңілдік қолданылады. Қажет болса, Орталық аумағында бір ай жатуына да мүмкіндігі бар»,-деп түсіндіреді Күрбанджан Ахметов.

Айына бір реттен артық нормадан тыс тауар алып өтілген жағдайда оған кедендік құнына байланысты 30 пайыздық мөлшерде бір реттік төлем алынады. 50 килограмға және бағасы 1500 еуродан асатын нормадан артық  заттарға әр килограмы үшін 4 еуродан төмен емес көлемде  төлем ақы белгіленеді.




Яндекс.Метрика