Қазақстан және БҰҮ

ҚР өкілі БҰҰ ҚК Қазақстандағы киберқауіпсіздік әдістерімен таныстырды

Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары Азамат Әбдімомынов БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Террористік актілерді жүзеге асыру жолымен халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіру: аса маңызды инфрақұрылымды қорғау» тақырыбына өткен ашық пікірталасына қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде16 Ақпан , 12:34

А. Әбдімомынов өз сөзінде іс-шараға қатысушыларды елдің аса маңызды инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралары туралы хабардар етті. Стратегиялық объектілерді қорғау және киберқауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Бұдан бөлек, Қазақстанның өкілі маңызды инфрақұрылым объектілеріне террористік шабуылдардың алдын алуға бағытталған БҰҰ ҚК қарары бойынша дауыс беруге қатысты.

Дәл осы күні А. Әбдімомынов БҰҰ жоғары лауазымды тұлғаларымен бірқатар кездесулер өткізді. БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчамен әңгімелесу барысында Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік, сондай-ақ Ауғанстандағы бейбіт процесті нығайту  мәселелерін ілгерілету талқыланды. 

БҰҰ контртеррористік іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі нысаналы топ басшысы Джехангир Ханмен кездесу барысында БҰҰ тиісті құрылымдарын Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді тарту перспективалары, сондай-ақ нақты жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.  

Бұдан бөлек, А. Әбдімомынов БҰҰ Бас хатшысының бітімгершілік операциялар жөніндегі орынбасары Эрве Ладсуспен кездесті. Тараптар бітімгершілік және қазақстандық әскери бақылаушыларды бітімгершілік миссияларының біріне жіберу мүмкіндігі саласында одан әрі іс-қимыл жасау перспективаларын талқылады. 




Яндекс.Метрика