ҚР Президентінің Жолдауы

ҚР Президентінің бастамалары - посткеңестік елдерге үлгі – шетелдік сарапшы

Саяси және экономикалық салалардағы ҚР Президентінің бастамалары барлық посткеңестік елдер үшін үлгі болып табылады, деді Румынияның сыртқы істер министрі Теодор-Виорел Мелешкану Қазақстанның Румыниядағы елшісі Дәулет Батрашевпен кездесуінде.
Әлемде 16 Ақпан, 13:46

Тараптар   биылғы жылдың  15 шілдесінде екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасына 25 жыл толуына орай  екіжақты ынтымақтастықтың даму әлеуеті мен қазіргі жағдайын талқылады.

СІМ хабарлағандай, қазақстандық дипломат  Румынияның сыртқы істер министріне Елбасының  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі қағидалары мен билік тармақтарына өкілеттілікті бөлу реформалары туралы баяндап берді. Сондай-ақ,  5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуымен таныстырды.

Тараптар Румынимяның алдағы ЭКСПО-2017 көрмесіне  қатысуы, Қазақстанның халықаралық бастамасы мен  Қазақстанның 2017-2017 жылдары БҰҰ  Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі ретіндегі міндетін  талқылады.

Т.Мелешкан Қазақстанның сыртқы саясатын жоғары бағалап, бірінші кезекте, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  халықаралық бастамаларының өзектілігі мен әлемдік салмағына тоқталды. Елбасы айтып өткен конституциялық реформа туралы айтатын болсақ,  ол тек  қазақстандық халыққа ғана емес,  Еуроодақ  үшін де маңызды себебі,  олар Қазақстанның  қоғамды демократиялындыруға дайындығын біледі. Бұл әсіресе,  ҚР мен ЕО арасындағы келісім негізінде өте өзекті.

Румындық саясаттанушы  Н.Назарбаевтың көрегендігі мен  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы»  Жолдауының өзектілігін айтып өтті. Сондай-ақ, ҚР Президентінің бастамалары  посткеңестік елдерге  үлгі  екендігін жеткізді.

 





Яндекс.Метрика