Парламент

М.Пішембаев: Отандық машина жасаушыларды үкіметтік деңгейде қолдау қажет

Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев пленарлық отырыс соңында жаһандық сын-тегеуріндерді ескере отырып, Машина жасау саласын дамытудың ұзақ мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу қажеттігі, сондай-ақ Қазақстанның машина жасау саласының отандық өндірушілерінің мүдделерін қорғау туралы мәселеге тоқталды.
Астана қаласы15 Ақпан , 19:47

М. Пішембаев 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей Федерациясында ресейлік ұсыныстар бар конкурстық рәсімдерге қатысушылар РФ Үкіметінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 925 қаулысына сәйкес, шетелдіктерге қарағанда шарт бағасының 15%-ы мөлшерінде артықшылық алатынына назар аударды, бұл Еуразиялық экономикалық одақ нормаларына қарама-қайшы келеді.

Бұл мәселе Еуразиялық экономикалық комиссия, Кеден одағының машина жасау саласын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі деңгейінде көтерілген болатын, алайда, ресейлік тарап жоғарыда көрсетілген қаулының қабылдануына қатысты әлі пікір білдірген жоқ.

Бүгінгі таңда отандық кәсіпорындар үшін кедергілер бар және отандық машина жасау кәсіпорындары ресейлік тендерлерге қатысу процесінде мүмкіндіктердің тең болмауы проблемасына кездеседі.

Қорытындылай келе, М. Пішембаев машина жасау саласының отандық өндірушілерінің мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі деңгейінде тиісті шаралар қабылдауды ұсынды. 




Яндекс.Метрика