EXPO-2017

ЭКСПО-2017 мәдени іс-шаралары туралы сайт өз жұмысын бастады

Еxpo2017culture.kz интернет-порталы ЭКСПО-2017 көрмесінің мәдени-ойын-сауық іс-шараларының кешенді бағдарламаларын қамтиды, деп мәлімдеді ҚР АШМ Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы15 Ақпан , 18:36

«Портал туристер мен шетелдік қонақтарға лайықты іс-шараны іздеу мен Астанада жақсы уақыт өткізуде көмек көрсетуге арналған және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Порталда биылғы жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйек аралығында «Астана ЭКСПО 2017» мамандандырылған көрмесі уақытында өткізілетін мәдени-ойын-сауық іс-шаралары және мәдениет мекемелері туралы ақпарат жиналған», – деді А. Хазбулатов.

Оның айтуы бойынша, порталдың мақсаты бірыңғай мәдени ақпараттық кеңістікті дамыту, алдағы мәдени оқиғалар туралы халықты хабардар ету, интернет-порталдың көмегімен халықпен және астана қонақтарымен интерактивті өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру, елдің халықаралық беделін арттыру сияқты көптеген аспектілерден тұрады.

Сондай-ақ, ол порталда кез келген адам қалаған іс-шарасына электронды билет сатып ала алатынын хабарлады.

«Әрбір іс-шараның ішкі бетінде электронды билеттер сату кассаларына өту функционалы орналасқан. Егер билетті онлайн сатып алу мүмкін болмаса, пайдаланушыға билет сататын кассалардың мекенжайы ұсынылады», – деп қосты А. Хазбулатов.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика