EXPO-2017

ЭКСПО-2017-де 3,5 мың мәдени шара өтеді

Елбасының тапсырмасымен МСМ «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп ЭКСПО-2017 көрмесінің мәдени және спорттық шараларының кешендік бағдарламасын әзірледі. Бұл туралы МСМ мәдениет және өнер жөніндегі департамент директоры Алмаз Нұразхан ОКҚ брифингінде мәлімдеді.
Астана қаласы 15 Ақпан, 16:54

«Бағдарлама бойынша 3,5 мың мәдени және спорттық шара өткізу қарастырылған.  Шараларға отандық және шетелдік өнер майталмандары,  шығармашылық ұжымдар қатысады», - деді А.Нұразхан.

Ол айтып өткендей, ЭКСПО-2017 мәдени бағдарламасы Қазақстан халқының көпұлттық мемлекетінің жетістігін көрсетуді көздейді.

«Елбасы ұсынған  «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясы,Тәуелсіз қазақстанның қалыптасуы, астананың гүлденуі – 93 күн ішінде мәдени шаралар мен көрмелерден көрініс табады», - деді ол.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика