Ұлтаралық бірлік

Н.Ермекбаев: ҚМДБ ағартушылық жұмыстары діни саладағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді (ФОТО)

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Астана қаласы 15 Ақпан, 17:23

Іс-шараның басында сөз алған Министрлік басшысы Нұрлан Ермекбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел мұсылмандарының басын қосып отырған және қоғам ауызбіршілігі мен тұрақтылығын нығайту ісінде үлкен жұмыстарды іске асырып отырған діни бірлестік екенін айтты.

«...Біз дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларда Діни басқармамен жан-жақты өзара іс-қимыл жасайтын боламыз. Келісімге қол қоюымыздың басты себебі де осы» - деп атап өтті.

Министр Мемлекет басшысының халыққа арнаған биылғы Жолдауында айтылған қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету желісінде діни экстремизмді насихаттаудың алдын алуда және өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу ісінде діни бірлестіктермен бірлесіп жұмыстар жүргізу туралы тапсырмасын орындау барысында Муфтиятпен көптеген іс-шараларды бірлесіп атқаруды көздеп отырғанын жеткізді.

ҚМДБ Төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Маямеров «Ынтымақтастық туралы келісім Муфтият және мемлекет арасында ынтамақтастықты нығайтуға жол ашады.

Бұл екі тарапқа тұрғындар арасында дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттауға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізуге мүмкіндік береді.

Сайып келгенде, дін саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп іске асырылатын жұмыстар жастарымыздың бойында зайырлы мемлекеттің қағидаттарына сәйкес келетін рухани құндылықтарды қалыптастыруға негіз болады» деп атап көрсетті.Іс-шара тараптардың Келісімге қол қоюымен аяқталды.





Яндекс.Метрика