Халықаралық интеграция

Сербия Қазақстанмен ауыл шаруашылығы саласында белсенді жұмыс жүргізуге мүдделі

«ҚазАгро» ұлттық холдингінің Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малеловтің Белградқа жұмыс сапарымен барды.
Әлемде 15 Ақпан, 20:19

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 23-26 тамыздағы Сербияға алғашқы ресми сапары және СР Премьер-министрі Александр Вучичтің 2016 жылғы 14-16 қарашадағы ресми сапарының шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау мақсатында шара ұйымдастырылды.

Кездесудің басында Қазақстан холдингінің басшысы сербия тарапының өкілдерін елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалмен, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен, сондай-ақ қазақстан Парламенті мен Үкіметінің өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған конституциялық өзгерістермен таныстырды.

«ҚазАгро» ұлттық холдингінің қызметі, оның міндеттері мен іске асырылатын жобалары, соның ішінде қазақстан тарапы үшін қызығушылық танытатын салалар туралы егжей-тегжейлі әңгімеленді.  Холдингтің қолдау құралдарын пайдалану арқылы  ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан мен Сербияның ынтымақтастығының мүмкіндіктері ерекше атап өтілді.  Мысал ретінде Қазақстан мен Венгрияның арасындағы инвестициялық қор жұмысының табысты тәжірибесін зерттеп білу ұсынылды.  

Сербияның Ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау министрі өз тарапынан, сербия тарабы Қазақстанмен ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін белсенді жұмыс жүргізуді жоспарлайтынын атап өтті. Атап айтқанда, ол ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы саласында қызмет ететін бизнесмендердің тобымен Қазақстанға сапармен баратын ниеті туралы хабарлады.  

 





Яндекс.Метрика