Басқару

ХҚКО-ларда жылжымайтын мүлік тіркелімі деректер базасының жұмысы қалпына келтірілді

«Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасының жұмысын қалыпқа келтіру бойынша техникалық жұмыстар аяқталды. Енді қазақстандықтар ХҚКО-лардан барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуларына болады.
Астана қаласы15 Ақпан , 14:59

«Жүйенің істен шығуы кезінде жылжымайтын мүлік саласы бойынша қызметтерді алу мүмкін болмады, оның үстіне тұрғылықты жері бойынша тіркелуге ниет білдіргендер  мекенжайларының тіркелу кодын тексере алмағандықтан, тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуде қиындықтар болды», - деп хабарлады Мемкорпорация.

Естеріңізге сала кетсек, еліміздің ХҚКО-ларында уақытша тіркеу жалғасуда, оны қазақстандықтар қазіргі кезде кезексіз алуларына болады. ХҚКО-лардағы кезек саны туралы ақпаратты мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz ресми сайтынан көруге болады және ақпарат сағат сайын жаңартылып тұрады.  

 

 

 




Яндекс.Метрика